Украинаға Германия басшылығынан алғаш рет адам барды

Бундестаг төрағасы Бербель Бас Киевке барды. Бұл туралы Германия парламентінің өкілі Твиттердегі парақшасында хабарлады.

Айтуынша, Бербель жұмыс сапары аясында құрбандардың рухына тағзым етеді. Кейін ел басшылығымен бірқатар кездесу өткізеді. Соның бірі Украина премьер-министрі Денис Шмыгальмен болған жүздесу. Ол өтті. Енді Бербель Бас Владимир Зеленскиймен кездеспек.

Бір айта кетерлігі, Украинада қарулы қақтығыс басталғалы Германия басшылығынан бұл елге ешкім келмеген.