Израильде ПТР-тест тапсыру талабы алынды

Израиль шетелдік туристерден елге келген бетте ПТР-тест тапсыру талабын алып тастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа ереже мамырдың 20-сынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай шара ковид жұқтырған науқастардың азаюымен байланысты. Десе де шетелдіктер Израильге ұшар алдында бұрынғыша тест тапсырулары керек. Оны 24 сағат бұрын жасаулары тиіс. Естеріңізде болса, Израиль билігі 1 наурыздан бастап коронавирусқа қарсы екпе алмаған шетелдіктердің шекарадан өтуіне рұқсат берген еді. Бірақ туристер ұшаққа мінерде және одан түскенде міндетті түрде ПТР-тест тапсырулары керек деген талап қойған болатын.