476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

G7 Ресейге қарсы қысымды күшейтеді

  • 164
  • UPD: 10:52, 09.05.2022

Үлкен жетілік Ресейге қарсы қысымды күшейтуге ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы халықаралық бейресми клуб елдері 9 мамыр Жеңіс күніне орай президент Владимир Зеленскиймен бейнеконференция бойынша кездесуде мәлімдеді. Ортақ үндеуде Ресей мұнайын импорттаудан бас тартып, банктеріне жаңа санкциялар салатыны айтты. Президент Владимир Зеленский болса, қазіргідей жағдайда Украинаға қаржылай қолдау көрсету керектігін атап өтті. Сонымен қатар Украинаның мақсаты Ресей әскерін ел аумағынан толықтай шығарып, келешекте өзін-өзі қорғай алатындай мемлекетке айналу екенін жеткізді. 

Владимир Зеленский , Украина президенті:

Қазір соғыс жағдайында біздің еліміздің экономикасына ай сайын 7 миллиард доллардай қаржылай көмек қажет. Ал соғыс аяқталған соң Ресей тас-талқан еткен елімізді қалпына келтіру үшін 600 миллиард доллар керек болады. Бұл біздің мемлекет үшін орасан зор қаржы. Украина сіздердің қолдауларыңызсыз мұны еңсере алмайды.

Хабар 24 телеарнасы