Украинада соғыс ардагерлерін метрода құттықтады

Украинаның Харковь қаласында екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салтанатты рәсім бейбіт тұрғындар үшін қорғанатын жертөлеге айналған метро бекетінде өтті. Сарбаздар майданда қаза тапқандардың рухына тағзым етті. Көзі тірі қариялардың құрметіне мерекелік концерт берілді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаладағы жағдай әлі тұрақты емес. Ресей әскері әлі зымыранмен атқылап жатыр.