Қытай зымыран сынады

Қытайда бірнеше мәрте қолдануға болатын ғарыш зымыранының сынағы сәтті өтті.

Сынақ кезінде зымыран бір шақырым биіктікке көтеріліп, Жер бетіне бір қалыпты қонды. Бұл зымыранның алғашқы техникалық сынақтары өткен жылы басталған. Оны шығарушы компания америкалық Спейс-Икс және Блю Ориджн корпорацияларының жетістігін қайталап, болашақта орбитаға жүк жеткізу мен ғарыш туризмін дамытуды көздеп отыр. Бұл зымыран 500 шақырым биіктікке дейін жарты тонна жүк көтере алады.