Эквадорда түрмеде төбелес болып, 43 адам көз жұмды

Эквадорда түрмеде жазасын өтеп жатқандар арасында қақтығыс болып, 43 адам көз жұмды.

Оқиға Санто-Доминго қаласындағы абақтыда болды. Тәртіпсіздік бәсекелес екі топ арасында кикілжіңнен туған. Оған бір қылмыстық топтың басшысын өзге бір түрмеге ауыстыру түрткі болған. Артынша сотталғандар бір-біріне пышақ жұмсап, жанжал жаппай төбелеске ұласқан. Тәртіпсіздік арнайы жасақтың көмегімен басылған. Жанжал кезінде 230 адам қашып кеткен. Қазір олардың 100-ден астамы ұсталды. Қалғандарын полиция әлі іздестіріп жатыр.