Адамның физикалық белсенділігі төмендеп барады

Адамның физикалық белсенділігі төмендеп барады

Әлемде жылдан жылға фитнес-білезіктер мен сағаттардың саудасы қызып тұр.

Бірақ адамдардың физикалық белсенділігі төмендеп барады. Мұны американдық ғалымдар айтып отыр. Жалпы 8 елде зерттеу жүргізген мамандар соңғы 20 жылда адамдардың тым аз қозғалатынын байқаған. Шамамен күніне бір мың қадамға аз жүретін болған көрінеді. Жасөспірімдердің де жүріс-тұрысы 30 процентке азайған. Олар дене шынықтырудың орнына смартфондар мен компьютер ойындарына құмар болып кеткен.