Бразилияда су тасқынынан үш адам көз жұмды

Бразилияның оңтүстігіндегі Санта-Катарина штатын су басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған бір апта бойы толастамай жауған нөсер себеп. Табиғат апатынан 3 адам көз жұмған. Тағы 44 мыңнан аса тұрғын эвакуацияланды. Өңірдегі өзендер арнасынан тасып, үйлерді су басқан. Жүздеген адам баспанасыз қалды. Штаттың 22 қаласында төтенше жағдай тәртібі жарияланды.