Кубада жарылыс құрбандарының саны артты

Куба астанасындағы «Саратога» қонақ үйіндегі жарылыстан опат болғандардың саны 42-ге жетті. Оның 23-і қонақ үй қызметкері мен 1 испандық турист екені белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы ондаған адам ауыр жарақатпен ауруханада жатыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жарылыстан кейін қонақ үйдің 80-проценті  қираған. Жақын маңда орналасқан 38 ғимаратқа да айтарлықтай зақым келген. Мамандар жарамсыз болып қалған бір тұрғын үйді бұзу керек екенін айтады. Оқиға орнында құтқару және тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Болжам бойынша қирандылар астында тағы адамдар болуы ықтимал. Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Болжамға қарағанда газ баллон жарылған болуы мүмкін.