Адам құқықтары жөніндегі Кеңестегі Ресейдің орнын Чехия басады

Чехия БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңестегі Ресейдің орнын басады. Оның құзыреті 2023-ші жылдың желтоқсан айына дейін жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселе Бас Ассамблеяда дауысқа салынып, 157 мемлекет ұсынысты қолдады. Ресей Федерациясы Кеңестен Украинаның Буча қаласындағы оқиғаға байланысты сәуірдің 7-сі күні мерзімінен бұрын шығарылған болатын. Айта кетейік, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесі 2006-шы жылы 1946-шы жылдан бері жұмыс істеп келген Комиссияның орнына құрылған. Оған 47 мемлекет әр 3 жыл сайын сайланады. Кеңес жылына 3 рет жиналып, әлемдегі адам құқықтарына қатысты барлық мәселелерді талқылап отырады.