Украинаның бұрынғы президенті дүниеден озды

Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кравчук кеше 89 жасында дүниеден озды. Саясаткер ұзақ уақытқа созылған аурудан қайтыс болды. Былтыр оған операция жасалған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еске сала кетейік, Леонид Кравчук 1991-1994 жылдары Украинаның президенті болды. Осы кезде Ресей президенті Борис Ельцин және Беларусь басшысы Стансилав Шушкевичпен бірге Кеңестер Одағының таралуына әкелген Беловеж келісіміне қол қойған. Кейін Жоғарғы Раданың депутаты болды. Осымен қатар Донбастағы жағдайды реттеу бойынша байланыс тобының төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ...