Грузия ЕО құрамына кіру үшін екінші сауалнаманы тапсырды

Грузия премьер министрі Ираклий Гарибашвили Еуородақ құрамына өту үшін толтырылған сауалнаманың екінші бөлімін Грузиядағы Еурокомиссияның басшысы Карл Харцелге табыстады. 7 кітапқа толтырылған сауалнаманың бірінші бөлімі 400 сұрақтан, ал екіншісі 2 мыңнан аса сауалдан тұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге салайық, таяуда Украинадан кейін Грузия мен Молдова да Еуроодақ құрамына кіру туралы өтініш білдірген болатын. Жоспар бойынша Грузия бұл қадамға 2024 жылы баруы керек еді. Енді бұл ел Еврокомиссияның қорытындысын күтпек. Әзірге нақты мерзім белгіленген жоқ. Сарапшылардың болжамы бойынша геосаяси жағдайға байланысты Еуроодақ өкілдері бұл істі ұзаққа созбайды.