Әзербайжан теңізде табылған миналарды залалсыздандырды

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Каспи теңізінің түбінен табылған 6 минаны залалсыздандырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кемеге қарсы бомбаларды мамырдың 4-і күні жергілікті бұрғылаушы компания анықтаған. Кейін әскерилер 60 метрдей тереңдікте 6 мина тапты. Қазір Әзербайжан секторындағы Каспий теңізінде қозғалыс қалпына келтірілген. Миналарды заласыздандыру жұмыстарына бірнеше кеме мен 100-ден аса әскери қатысқан.