Грекиядағы жылдық инфляция сәуірде 10 проценттен асып кетті

Осы елдің статистика басқармасының хабарлауынша, бұл соңғы 28 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наурызда ғана инфляция деңгейі 8,9 процент болған еді. Сарапшылар мұны энергия ресурстарының, ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлік өнімдерінің қымбаттауымен байланыстырады. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда табиғи газ 122,6, электр қуаты 90, ет 14, көкөніс 13,8 процентке қымбаттаған.