Жаңа Зеландия туристерге шекарасын ашты  

Жаңа Зеландияда шілденің 31-інен бастап туристер үшін шекара ашылатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл белгіленген мерзімнен екі айға ерте. Премьер-министр Джасинда Ардерн осындай мәлімдеме жасады. Бұдан бөлек, ол көші-қон саясатына қатысты бірқатар реформа енгізілетінін де жеткізді. Яғни еңбек мигранттарының елге кіріп-шығуы жеңілдейді. Ел билігі алдағы туристік маусым қарсаңында жұмысшы тапшылығы мәселесін осылай шешпек көрінеді.