Ресей «Азовсталь» зауытына шабуылын тоқтатқан жоқ

Мариупольде Ресей әскері Украина жасақтары бекінген «Азовсталь» зауытына шабуылдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндіріс ошағына бекінген Азов полкінің мәлімдеуінше, Ресей әскері әуеден, жерден және теңізден атқылап жатыр. Қазір зауытта 1 мыңнан аса жауынгер мен тағы 500-дей жаралы сарбаз бар. Бұдан бөлек 100-ге жуық бейбіт тұрғын қалып қойған. Осыған байланысты полк командирлері БҰҰ мен «Қызыл Кресттен» жаралы жауынгерлер мен бейбіт тұрғындарды эвакуациялауға көмектесуге шақырып отыр. Украина билігі болса, Ресей тарапына Азовстальдағы ауыр жаралы сарбаздарды әскери тұтқындарға айырбастауды ұсынды. Мәселеге қатысты келіссөз жүріп жатыр.