Google компаниясында «ақылды көзілдірік» технологиясы пайда болды

Компания тұтынушыларына адамның сөзі мен ым-қимылын аударатын көзілдірікті таныстырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасанды интеллект арқылы жұмыс істейтін көзілдірік адам сөйлеген сәтте сөздерін бірден аударады. Осылайша компания әр тілде сөйлейтін адамдар арасында кез келген кедергіні жоюды көздеп отыр. Ақылды көзілдіріктің техникалық еркешеліктері толықтай жарияланған жоқ. Бірақ оны жасаушылар технологияны бірегей екенін айтады. Бұдан бөлек амеркиалық алпауыт тұтынушыларына өзінің смартфон, планшет, ақылды сағаттар және сымсыз құлаққаптарына қатысты тың жаңалықтарымен де бөлісті.