Siemens Ресей нарығынан кететінін мәлімдеді

Немістің «SIEMENS»  компаниясы Украиандағы қарулы қақтығысқа байланысты Ресей нарығынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірлестік өзінің өндірістік қызметімен бірге  операциялық жұмыстарын да тоқтатады. Неміс алпауыты санкциялар компанияның жұмысына кері әсер ете бастағаныны жеткізді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, «SIEMENS» Ресейге энергетикалық құрал-жабдықтарды жеткізіп келген негізгі компаниялардың бірі болған.

Бұдан бөлек, бірлестік Ресей темір жолына локомотив пен вагондарды шығарумен де айналысқан.