Ғалымдар ихтиозаврдың қаңқасын аршыды

Чилиде полентологтар осыдан 10 жыл бұрын табылған 4 метрлік ихтиозаврдың қаңқаларын аршып шығарды. Мезозой дәуірінде теңіз бен мұхитты мекендеген бауырымен жорғалаушылардың сүйектері Чилидің оңтүстігіндегі Тиндаль мұздығынан ұшырасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ климаттың суық және логистиканың күрделілігі оны қазып алуға қол байлау болып келген. Олжаның бір ерекшелігі – табылған ихтиозаврдың ішінде баласы барында. Ғалымдар бұл осыдан 250 млн жыл бұрын өмір сүрген ежелгі жануардың көбею жолын зерттеуге мүмкіндік береді деп отыр. 

Джудит Пардо, палеонтолог:

– Ихтиозаврлар – біздің эрамызға дейінгі 250 млн жыл бұрын мезозой дәуірінде теңізді мекен еткен бауырымен жорғалаушылар. Дене пішімі қазіргі дельфиндерге ұқсаған. Яғни мұрны үшкір, желбезектері болған. Бұл Чилиде алғаш рет толығымен қазып алынған ихтиозавр.