Бразилияда инфляция шарықтап барады

Бразилияда инфляция деңгейі 26 жылда алғаш рет 12 процентке жетті. Экономикалық әл-ауқаты әлсіз елде қазір азық-түлік, дәрі-дәрмек, жанармай мен өзге де тауар түрлерінің бағасы шарықтап барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Бразилияның экономика министрі кейбір импортталатын тауарлар тарифын азайтуды жоспарлап отыр. Бұл тізімде ет, ұн, бидай, нан өнімдері, күкірт қышқылы мен арматуралық болат бар.