Түрікменстанда Орталық Азия-Ресей парламентаралық форумы өтті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барып, алғаш рет ұйымдастырылған «Орталық Азия - Ресей» парламентаралық форумына қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесу Орталық  Азия мемлекеттері мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай өтіп жатыр. Мәулен Әшімбаев әлемде геосаяси ахуал шиеленісіп тұрған уақытта парламентаралық ынтымақтастықтың маңызды екенін айтты. Бұл орайда Қазақстанның ұстанымы өзгеріссіз қалады. БҰҰ-ы Жарғысының қағидаттары негізінде халықаралық проблемаларды бейбіт жолмен шешу ең оңтайлы тәсіл. Қазақстан келіссөздер жүргізу арқылы шешілетін кез келген бастаманы қолдайды - деді Мәулен Әшімбаев.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:

 – Арал теңізіне байланысты экологиялық проблемаларды еңсеруде Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіру біз үшін өте маңызды. Сондай-ақ халықаралық Аралды құтқару қорының жұмысына серпін беру керек. Сондай-ақ өңірдің экожүйесін құрайтын су ресурстары мен трансшекаралық өзендерді бірлесіп басқарудың өзара тиімді және оңтайлы тәртібін табу маңызды.