Украинада әуе шабуылынан мектептер қиратылды

Украинада кескілескен ұрыс жүріп жатыр.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бүгін түнде ресей әскері Чернигов қаласына әуеден шабуыл жасаған. Салдарынан 3 адам мерт болып, 19-ы жарақат алды. Атылған зымырандар аймақтағы екі мектептің тас талқанын шығарды. Жалпы қарулы қақтығыс басталғалы оқу орындары мен мектептерде сабақ тоқтады. Бір ғана Харковь облысында 75 мектеп жермен жексен болған. Бірақ мұғалімдер балаларды метро мен жертөлелерде оқытып жатыр.

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Бүгін түнде олар Чернигов қаласын атқылады. Шаһардың мектептерін жарып жіберген. Ресейдің Украинадағы мектептерді қиратқандағы көздегені не? Бұндай бұйрық берген командирлердің естері ауысқан шығар. Біз жерімізді жаудан азат еткенше соғысамыз.