G7 сыртқы істер министрлері Германияда бас қосты

Әлемнің дамыған жеті мемлекетінің (G7) сыртқы істер министрлері Германияда бас қосты.

Саясаткерлер алдағы уақытта Украинаға көрсетілетін көмек және әскери қақтығыстың азық-түлік пен энергия тасымалдау бағасына тигізген кері әсерін талқылайды. Бүгінде Украина порттарында 25 млн тоннаға жуық астық тұр. Қазір бұл тауарға әсіресе Африка мен Таяу Шығыс елдері мұқтаж. Жиынға Украина мен Молдова елдерінің сыртқы істер министрлері де қатысады.