Франция тұрғындары 62 жаста зейнетке шығады

Бұл еуропадағы ең төменгі көрстекіш екен. Енді президент Макрон жаңа зейнетақы реформасын енгізіп, зейнет жасын 65-ке көтеруді көздеп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2030 жылға дейінгі жоспар. Мұның ақыры қалай болады? Әзірге белгісіз. Өйткені жұрт қарсы. Осыдан екі апта бұрын елде өткен еңбек мейрамында шерушілер зейнетақы реформасына қарсы ұрандатқан. Француздар үшін өте өзекті мәселе бойынша Макронның қарсыластары бірігіп, бұл бастаманың жүзеге асыуына жол бермеуге бекінген. Бүгін де Париж көшелеріне наразы жұрт шықты.

Ани, жеке меншік компанияның басқарушысы:

– Әр нәрсенің өз кезегі бар деп санаймын. Зейнетке шыққаннан кейін өмір сүретін уақыт да қалу керек. Әкем 67 жасында дүниеден озған, сондықтан менің де ойлануыма негіз бар.

Францяның зейнетақы жүйесі тым күрделі. Толығымен алу үшін 41 жыл жұмыс істеу қажет. 62 жасында зейнетке шыға алса да, еңбек өтілі жетпегендіктен көбі жұмысын жалғастыруға мәжбүр. Пандемиядан кейін Францияның мемлекеттік қарызы 3 триллион еуроға тақап, елдің жалпы ішкі өнімінен асып кетті.  Қаржы министрлігінің есебінше, зейнетке шығу жасын көтеру арқылы жыл сайын 25 миллиард еуро үнемдеуге болады. Макронның жоспары бойынша 2030 жылға дейін зейнетке шығу жасы 65-ке дейін көтеріледі.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

Халықаралық тәжірибемен салыстырып отырмын. Зейнетке шығу жасы төмен болған сайын осы жастағы халықтың жұмыссыздық деңгейі де ауысады. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының статистикасы арасында нақты байланыс бар екенін көрсетеді. Егер елде зейнетке шығу жасы көтерілсе, егде жастағыларды жұмыспен қамту деңгейі де өседі. 

Жалпы Еуропада өмір сүру ұзақтығының өсуімен зейнетке шығу жасы да көтеріледі. Еуроодақ елдерінің көбі Франция секілді оны 65 жасқа жеткізуге ниетті.  Тіпті кей мемлекеттер зейнет жасын одан да жоғары көтермек.

Түрлі зейнетақы жүйелері арасында айырмашылықтар болғанымен, негізі бір. Зейнетақы мемлекет қазынасынан төленеді, ал оны жұмыс істейтін адамдар толтырып отырады.

Авторлары: Әлия Сыздықова, Руслан Өміржан