Ұлыбританияда пошта таситын дрон пайда болды

Британиялық The Royal Mail пошта қызметі хат-хабарды енді дронмен жеткізбек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай жаңа 50 бағыт ашылып, үш жыл ішінде 200-ге жуық ұшқышсыз ұшу аппаратын іске қосу көзделген. Тың технологияны қолданудағы басты мақсат – пошта жеткізу процесін оңтайландыру, дейді мамандар. Өйткені дрондар хат-хабарды жылдам жеткізіп қана қоймайды, жанар-жағармайды аз жұмсайды.

Сондай-ақ...