Үндістанда ғимарат өртеніп, 20-дан аса адам өлді

Үндістан астанасы Делиде төрт қабатты ғимарат өртеніп, 27 адам көз жұмды. Тағы 40-тан аса кісі түрлі жарақат алып, аурухана жеткізілді. Оқиға кезінде ғимаратта 70-тей адам болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ғимараттың өзінде кеңселер орналасқан. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, өрт бірінші қабатта тұтанып, лезде ғимараттың өзге бөлігіне тараған. Қазір тергеу жүріп жатыр.