БАӘ президентін жерлеу рәсімі өтті

Абу-Даби қаласында Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Халифа бен Заид Әл-Нахайянды жерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Әл-Батин қабірстанына жерленді. Марқұмның жаназасын шығармас бұрын барлық мешіттерде құран оқылды. Елде үш күн қатарынан қаралы күн деп жарияланды. Мемлекеттік органдар мен жекеменшік ұйымдар жұмыс істемейді. Барлық ойын-сауық кештер тоқтады. Халифа бен Заид әл-Нахайян 73 жасында ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтты. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінің екінші президенті болды.