Джен Псаки соңғы баспасөз конференциясын өткізді

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки өзінің соңғы баспасөз мәслихатын өткізді.

АҚШ президенті әкімшілігінің ресми өкілі журналистермен қош айтысып, әріптестеріне сенім артқанына алғысын білдірді.

Еске сала кетейік, Ақ үйдің баспасөз хатшысы болған Джен Псаки қызметінен кететіні жайлы жақында жариялаған. Ол бұл лауазымда 1 жылдан аса жұмыс істеп, АҚШ-та ең танымал тұлғаның біріне айналды. Псаки енді мансабын "Эм-Эс-Эн-Би-Си" телеарнасында жалғастырады деген ақпарат бар.