Солтүстік Кореяда жарты миллион адам коронавируспен ауырып жатыр

Солтүстік Кореяда кейінгі бір тәулікте 174 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып, науқастар саны жарты миллионнан асты. Дерттен тағы 7 адам көз жұмған.

Ахуалға байланысты ел басшысы Ким Чен Ын Жұмысшы партиясы саяси бюросының отырысын өткізіп, мемлекет құрылғалы ең ауыр сәт қалыптасқанын атап өтті. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Солтүстік Кореяда коронавирус сәуірдің аяғында тіркелген. Дерт қалай тарағаны белгісіз. Қазірге дейін "ковид-19"-ды жұқтырған 240-тан аса тұрғын жазылып шыққан. Бірақ сарапшылар Солтүстік Кореяда індеттің салдары ауыр болады деп отыр. Себебі 26 миллион тұрғыны бар мемлекетте халықтың дені коронавирусқа қарсы егілмеген.