Германияда біреу пойызда жұртты пышақтады

Германияда пойызда ер адам жолаушыларға пышақпен шабуыл жасап, бірнеше адамды жарақаттады.

Оқыс оқиға Ахен қаласына бағыт алған отарбада болды. Әйтеуір вагонда кездейсоқ тәртіп сақшысы болып, қаскөйді залалсыздандырды. Оған жолаушылар да көмектескен. Шабуыл жасаған босқындар орталығында тұратын 30 жастағы Ирак азаматы екен.

Стефани Куч, полиция қызметкері: 

- Зардап шеккендер ауруханаға дереу жеткізіліп, емделіп жатыр. Шабуыл жасаған адам не үшін бұл қадамға барғаны белгісіз. Тергеу амалдары басталды.