БАӘ-нің жаңа президенті сайланды

Абу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті болды.

Бұл шешімді елдің Жоғарғы Федералдық кеңесі бір ауыздан қабылдады. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның үшінші ұлы және бұрынғы президенттің туған ағасы.

Еске сала кетейік, кеше БАӘ-нің 73 жастағы президенті Халифа бен Заид Әл Нахаян дүниеден озды. Ол жер бетіндегі ең бай адамдардың бірі еді.