loader

Украиналық әншілер «Евровидение» жеңімпазы атанды

Украиналық әншілер «Евровидение» жеңімпазы атанды

Украиналық «Калуш Оркестра» тобы Eurovision байқауында бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Италиядағы халықаралық ән байқауында «Стефаия» композициясын орындады. Бұл аналарға арналған шығарма. Көрермен көзайымына айналған топты қазылар да қолдады. Сөйтіп 631 ұпай жинаған өнерпаздар бас жүлдені иеленді. Екінші орынды Ұлыбритания еншіледі. Испания үздік үштікті түйіндеді. Украина Президенті Владимир Зеленский отандастарын айтулы жеңіспен құттықтап, оларды болашақта Мариупольда ұлықтауға серт берді. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мен Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да жеңімпаздарға ізгі сөзін арнады.

Сондай-ақ...