АҚШ-та өрттен миллиардтаған доллар тұратын 20 баспана күлге айналды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы орман өрті құны миллиардтаған доллар тұратын 20 баспананы күлге айналдырды.

Құтқарушылардың айтуынша қызыл жалын желден жан-жағына лезде тарап, көзді ашып жұмғанша бірнеше тұрғын үйді тып-типыл етті. Қазір шамамен 80 гектар аумақ жарамсыз күйге айналды. Жергілікті билік халықты шұғыл эвакуациялау туралы бұйрық берді. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін авиация мен ондаған техника жұмылдырылды.