АҚШ-та шіркеуде атыс болып, бір адам қаза тапты

АҚШ-та тағы атыс. Қайғылы оқиға Калифорнияның Лагуна Вудс қаласындағы шіркеуде болған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, белгісіз қарулы адам ғимарат ішінде жағалай оқ атқан. Қаскөйдің қолынан бір адам мерт болды. Тағы 5 тұрғын түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Атыс кезінде шіркеуде 40-қа жуық адам болған. Олардың көбі Тайваннан келгендер екен. Күдікті полицияның қолына түсіп, қаруы тәркіленді. Әзірге оның бұл қадамға не себепті барғаны белгісіз. Тергеу жалғасып жатыр.