Германияда Ресей мұнайына тәуелділік төмендеді

Германия жыл соңына дейін Ресей мұнайынан түбегейлі бас тартпақ.

Ел үкіметі алдағы 6 айда қара алтын жеткізілімін реттеуге бекініп отыр. Ал Еуропалық одақ эмбарго енгізуге асықпайды. Украинадағы әскери қақтығыс басталғалы Германияның Ресей мұнайына тәуелділігі 35%-тен 12%-ке дейін төмендеген.