Пәкістанда жануарларды аптап ыстықтан қорғау қолға алынды

Пәкістанның хайуанаттар бағында жануарларды аптап ыстықтан қорғау шаралары қолға алынды.

Мысалы, Лахор қаласында аңдарға қосымша салқын үйшіктер жасалып, желдеткіштер орнатылған. Бұдан бөлек салқын сулы орындар ашылып, жейтін тағамдарының қатарына жеміс-жидек көбірек қосылды. Елде соңғы күндері ауа температурасы 40 градустан асып кетті. Синоптиктер ми қайнатар ыстық келесі аптада да сақталады деп отыр.

Киран Салим, Лахор қаласы хайуанаттар паркі директорының орынбасары:

- Әдетте жазда күн ысыған кезде біз парктегі жануарлардың баспаналарына өзгерістер енгіземіз. Олардың асты салқын болу үшін жасыл шөп төсейміз. Және желдеткіш орнатып, кейбір жануарларға мұз кесектер қоямыз. Бұдан бөлек су сепкіштер орнаттық.

Сондай-ақ...