Чехияда ең ұзын аспалы көпір ашылды

Чехияның курортында ұзындығы 721 метр болатын әлемдегі ең ұзын жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24» golos.ua сілтеме жасап.

«Sky Bridge 721» теңіз деңгейінен 1100 метрден астам биіктікте салынған. Нысан елдің солтүстік-шығыс бөлігінде, Польшамен шекараға жақын Кралицкий Снежник тау жотасында орналасқан.

Көпір биіктікті жақсы көретіндерге ерекше көріністер ұсынады. Онда бір уақытта 500-ге дейін адам бола алады. Желдің жылдамдығы сағатына 135 шақырымға жетсе, нысан қауіпсіздік мақсатында жабылады.

Құрылыс екі жылға созылды және оған шамамен 200 миллион крон (8,3 миллион доллар) жұмсалды.

Екінші ең ұзын көпір Португалиядағы Арука қаласында орналасқан, оның ұзындығы - 516 метр.