Осы аптада Батыс Еуропада күн қатты ыстық болуы мүмкін

Мамандар осылай деп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұл жағдай әсіресе Францияда қатты байқалатынын айтады. Испанияның да кейбір өңірлерінде температура 40 градусқа дейін жетуі мүмкін. Бұл  маусымдық қалыпты көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары. Мамандар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр. Олар алдағы уақытта мұндай аптап ыстық жиілей түсетінін айтады. Орман өрті мен қуаңшылық қаупі де күшейе түседі. Қазір Үндістан халқы да аномальды ыстықтан зардап шегіп отыр. Наурыздың соңынан бері елде 20-дан аса адам көз жұмған. Бірер күн бұрын ел астанасы Нью-Делиде ауа температурасы 49 градустан асып, қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды.

Сондай-ақ...