Түркияда пластмасса өндіретін зауыт өртеніп жатыр

Ыстамбұлдағы пластмасса өндіретін зауыттан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24» CNN Turk телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Арнавуткей ауданында болған оқиға орнына ондаған өрт сөндіру көлігі жеткен. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер қызыл жалынмен арпалысып жатыр, себебі өрт көрші ғимараттарды да шарпып үлгерді. Тіпті жанындағы екі зауыт та өртеніп жатқаны айтылды.