Германия Қырғызстанның қарызын кешіретін болды

Бұл 14 миллион 900 мың еуро. Неміс елінің шешімін қырғыз депутаты Дастан Бекеше жария етті.

Айтуынша, бір ғана шарт бар. Германия үкіметі бұл қаражатты табысы төмен қырғызстандықтарға ипотекалық несие ретінде үлестіріп беруді сұрап отыр. Енді Қырғызстан қаржы министрлігі қаржыны әр сегіз ай сайын Мемлекеттік ипотекалық компанияға 5 миллион еуродан аударып тұруы тиіс. 

Алмаз Тажыбай мемлекеттік басқаруды талдау орталығының директоры:

- Бюджеттік ұйымдардың беделін көтеру керек. Әсіресе бұл біздегі 8 мың мұғалімге қатысты.  Жастардың көбінің мектепте жұмыс істеуге ынтасы жоқ. Сондықтан бұл кәдімгідей жалақы алып, пәтер сатып алуды армандайтын білім, денсаулық сақтау салалары мен өзге бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері үшін өте қажет.