Иранда құмды дауыл соқты

Иран астанасы Тегеранда ауа райы күрт бұзылып, құмды дауыл болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан көшелерде жүру мүмкін болмай қалды. Қаладағы мектептер мен жоғары оқу орындары түгел жабылды. Үкіметтік ұйымдар да бір күнге жұмысын тоқтатты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 мыңдай тұрғын медициналық көмекке жүгінген. Шаһар билігі азаматтарды сыртқа шықпауға шақырып жатыр. Айта кетейік, сәуірдің ортасынан бері Иранда осымен үшінші рет құмды дауыл соқты.

Сондай-ақ...