Зеленский Мәскеудің қателіктерін атады

Ресей Украинаға басып кірген кезде көп қателік жіберген. Президент Владмимр Зеленский осылай деп мәлімдеді. Себебі Ресей басшылығы бастапқыда кәсіби емес сарбаздарды майданға аттандырып, көп жауынгерінен айырылған. Азаматтық нысандарды атқылаған зымырандары да таусылуға жақын. Енді лазерлі қару қолдануға көшті дейді. Соңғы мәліметке қарағанда Украина күштері Харьков облысындағы Дементиевка ауылын азат еткен. Ресей тарапы болса Украинаның ондаған әскери нысанына соққы беріп, бірнеше басқару орталығын талқандағанын айтады.

Владимир Зеленский, Украина Президенті:

- Біз басқыншыларды елден қуып, Украинаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз қажет. Осыған байланысты елде әскери жағдай тәртібі мен жалпыға бірдей мобилизацияны ұзарту туралы бұйрыққа қол қойдым. Жоғарғы Рада шешіміді қолдайды деп үміттенемін. Украинаны қорғап жатқан әскеріміз қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілуі керек. Біз басып алынған жерлеріміздің бәрін азат етеміз.  

Мединский: Киев билігі шектеулі

Ал Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский Украина басшылығының билігі шектеулі деді. Себебі Киевтің түрлі шешім қабылдауына батыс елдері араласып отыр. Бұл Киев батыс елдерінің зор ықпалында екенін көрсетеді - дейді.

Владимир Мединский, Ресей Президентінің көмекшісі:

- Қазіргі Киевтің билігі шектеулі. Мұны олардың өзі де біледі. Олар бізде шешім қабылдайтын бірнеше орталық бар дейді. Бірақ оның бірі батыстағы достары екенін біз жақсы білеміз.