470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Грузия бидайдың орнына ұн сатып алатын болды

  • 124
  • UPD: 21:52, 19.05.2022
Грузия бидайдың орнына ұн сатып алатын болды

Соның салдарынан диірмендер бірінен соң бірі жабылып, жүздеген адам жұмыссыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін Грузия жылына шамамен 600 мың тонна астық тұтынып, оның 80 пайызын Ресейден сатып алатын. Енді елде нан бағасы да қымбаттады. ЗКТ: Грузияда бидай қоры таусыла бастағандықтан, елдің ұн өндіретін зауыттары жұмысын тоқтатып жатыр. Қыстан бастап елде астық импорты азайып, ұн импорты керісінше 11 есе өсті. Елде ұн мен нан тапшылығы байқалмайды. Дегенмен,  кейбір шаралар қабылдануы керек. БҰҰ-ның нұсқауы бойынша елде екі айға жететін бидай қоры болуы шарт.

Леван Силагава, Грузия бидай өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры:

Тұрақты жұмыс істейтін наубайханаларда ұн қоры бар. Бұрын бидаймен қамданса,  қазір ұнға ауысты. Себебі, ұн мен бидай импортына салық әртүрлі болғандықтан, бидай қымбатқа шығады.

Енді Грузияға Ресейден бидай сатып алу тиімсіз болып кетті. Бұл баж салығының өсуіне байланысты. Бұрын ол бір тоннасына 100 доллардан төмен болса, қазір 120 доллар. Ал одан тартылған ұнның құны да өсіп, бір қаптың бағасы бір доллардан аса қымбаттады. Логистикаға байланысты Румыния, Болгария, Қазақстан секілді елдерден бидай сатып алу қымбатқа түседі. Бір жылдың ішінде елде нан бағасы 25 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы министрлігі мәселенің шешу жолдарын іздеп, тұрғындарды сабырға шақырады.

Отар Шамугия, Грузияның ауылшаруашылық министрі:

– Айтайын дегенім, қазір қор бойынша мәселе жоқ. Біз тағы 54 мың тонна ұн әкелдік. Ал, бидай импортына келсек, келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Дегенмен, ұсынылып отырған шарттары біз үшін қолайсыз.

Үкіметтің мәлімдеуінше, ол ұн зауыттарын сақтауға мүдделі. Алайда бұл біраз уақытты талап етеді. Импортты алмастыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар бар. Қазір Грузия тұтынатын бидайдың тек 15%-ін ғана елде өндіреді. Үкімет бұл көрсеткішті 45%-ке дейін жеткізуді көздеп отыр .

Авторы: Юлия Тужилкина

Хабар 24 телеарнасы