loader

Сербия Еуропалық одақтан үмітті

Сербия Еуропалық одақтан үмітті

Брюссель Сербияның Еуропалық одаққа қосылуын қолдайды. Ресейдің энергоресурстарына тәуелділігін азайту үшін барынша көмектесуге әзір, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еуропалық Кеңестің президенті Шарль Мишель айтты. Ол Балқан елдеріне сапары барысында Сербия басшысы Александр Вучичпен кедесті. Мишель Еуропалық одақ осы бағытта Балқан елдерімен келіссөзді жанандыруға күш салады. Жалпы Сербия – Ресейге қарсы санкцияларға қосылудан бас тартқан бірден бір мемлекет.

Шарль Мишель, Еуропалық кеңестің президенті:

Біз Сербияның Еуропалық Одаққа қосылуын жақтаймыз. Маусым айында Еуроодақтың Балқан елдерінің басшыларымен кездесуін ұйымдастырамыз. Біз екіжақты диалогты тереңдетіп, бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке бағытталған ынтымақтастықты нығайтқымыз келеді.

Сондай-ақ...