АҚШ-та зауыт өртеніп, 6 адам жарақат алды

АҚШ-та зауыт өртеніп, 6 адам жарақат алды

АҚШ-тың Висконсин штатында кеме құрылысы компаниясының зауыты өртеніп, 6 адам жарақат алды. Оқиға кезінде өндіріс ошағында 20-дан астам қызметкер болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бәрі аман-есен эвакуацияланған. Лаулаған жалынды сөндірумен 100-ден өрт сөндіруші айналысып жатыр. Әзірге өрттің неден тұтанғаны белгісіз. Куәгерлердің айтуынша, өндіріс ошағы өртке оранбас бұрын зауытта бірнеше жарылыс естілген.

Мэтт Хартер , өрт сөндіруші:

Біз оқиға орынна жеткенше зауыттың бір бөлігі опырылып құлап түскен. Оның үстіне өндіріс орынының маңында су болмай шығып, оны өзге жерлерден тасуға мәжбүрміз. Жалынды  сөндіруге өзге өңірлерден көмек жіберілді.  

ОРМАН ӨРТІНЕН БІРНЕШЕ МЕКЕННІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨШІРІЛДІ 

Ал АҚШ-тың Техас штатындағы Тейлор округінде орман өртке оранған. Лаулаған жалын 7 мың гектарға жайылып үлгерген. 60 шақты үй жанып кетті. Табиғат апатынан Абилин қаласына жақын жатқан бірнеше елді-мекен тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Өртті сөндіруге жел кедергі болып тұр. Тілсіз жаумен күреске ұшақтар жұмылдырылған. Ал синоптиктер алдағы аптада күн ысып, сынап бағанасы 41 градусқа жетуі мүмкін деп отыр. Осының кесірінен аймақтың тағы 16 округінде ормандардың өртену қауіпі барын айтады.