АҚШ-та мектеп бітіру кешінде атыс болып, 2 адам қаза тапты

АҚШ-та мектеп бітіру кешінде атыс болып, 2 адам көз жұмды.

Оқыс оқиға Кентвуд қаласында тіркелді. Аталған кешке шамамен 60 адам қатысқан. Атыс ата-аналар мен оқушылардың көзінше болған.

Куәгерлердің айтуынша, мектеп стадионында өтіп жатқан салтанатты шара кезінде белгісіз біреулер көлік ішінен адамдарға оқ атқан. Сөйтіп, бірден ізін суытыпты.

Қазір оларды полиция іздестіріп жатыр.