Үндінің Ассам штатын топан су басты

Үндістанның солтүстігінде аптап алқымнан алып жатса, шығыстағы Ассам штатын су алды.

Толассыз жаңбырдан өзендер тасып, екі мыңдай ауылды су басты. Он шақты адам көз жұмды. 700 мыңдай азамат баспанасыз қалды. Амалсыз,, үйлерін тастап кеткендерді қазір жергілікті билік уақытша баспаналарға жайғастырып жатыр. Бүкіл штат бойынша құтқару жұмыстары жүруде. Синоптиктердің сөзінше, алдағы апталарда жауын тоқтамайды. Демек, тасқын салдары бұдан да зор болуы мүмкін.

Сондай-ақ...