Атакама шөлінде қоқиқаз саны азайды

Чилидің Атакама шөлінде кейінгі 10 жылда қоқиқаздар 12 процентке азайды.

Мамандар мұны литий өндірісінің артуымен байланыстырады. Өйткені кәсіпорындар осы құстар мекендеген көлдердің суын тұтынады. Әрі жақын орналасқан. Ал қоқиқаздар судың қалыпты түсін ұстап тұруға көмектеседі. Егер бұл құс жоғалып кетсе туризм саласына кері әсер етеді дейді зерттеушілер.

Кристина Дорадор, зерттеу авторы:

- Сан-Педро-де-Атакама өңірі Чили бойынша туристер арасында танымал екінші орын саналады. Өйткені қызғылт түсті қоқиқаздарды өз көзімен көргісі келетіндер көп. Осылайша литий өндірісі туристік секторға кері әсер етіп отыр. Экологияға да зияны зор.