470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Африкада 18 миллион тұрғынның аш қалу қаупі бар

  • 184
  • UPD: 10:02, 21.05.2022
Африкада 18 миллион тұрғынның аш қалу қаупі бар

Алдағы 3 айда Африканың батысындағы Сахель өңірінде тұратын 18 миллион адам азық-түлік тапшылығын сезінуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ-ның өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Мамандар соның ішінде, әсіресе, Буркина-Фасо, Чад, Нигер мен Малидегі ахуал алаңдатып отырғанын айтады. Оған климаттың өзгеруі себеп. Сондай-ақ жағдайға Украинадағы шиеленіс те әсер еткен. Өйткені Украина мен Ресей ірі астық экспорттаушы елдер. Екі ел арасындағы әскери қақтығысқа байланысты астық тасымалы іркіліп, азық-түлік бағасы өскен. БҰҰ сарапшыларының айтуынша, енді үй-жайын тастап, басқа елдерге бас сауғалаған босқындар саны артуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы