456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Азовсталь» зауыты Ресейдің бақылауында

  • 147
  • UPD: 13:37, 21.05.2022

Мариупольдегі «Азовсталь» зауытының аумағы Ресей күштерінің бақылауына өткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ресей қорғаныс министрілігінің ресми өкілі мәлімдеді. Игорь Конашенков Украина әскерлері комбинаттан толық шығарылғанын айтты. Соңғы бірнеше күнде 531 адам тұтқынға берілген. Ал қарулы қақтығыс басталғалы Азовстальға бекінген 2439 адам қолға түскен.

Игорь Конашенков, Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

– Ресей Федерациясының қорғаныс министрі, армия генералы Сергей Шойгу Ресей президенті Владимир Путинге операцияның аяқталғанын және комбинат пен Мариуполь қаласы Украина қарулы күштерінен толық босатылғанын мәлім етті.

Украина тарапы бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бұған дейін Владимир Зеленский бұл шараны «эвакуациялау операциясы» деп атап, аймақтағы барлық тұрғындар, медицина қызметкерлері мен жараланғандар зауыттан шығарылғанын хабарлады. Ол Украина әуе күштерінің Мариупольде үлкен шығынға ұшырағанын мойындады.   

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы